Глава Казахстанского Митрополичьего округа совершил великое освящение новопостроенного храма в честь Казанской иконы Богородицы в городе Арыс
В Талдыкоргане стартовала бессрочная благотворительная акция «Корзина доброты»
На сайте международной «Православной интернет-карусели» подведены итоги олимпиады по основам православной культуры
Праздников праздник и Торжество из торжеств — Светлое Христово Воскресение. Митрополит Александр совершил праздничное богослужение в главном храме Алма-Аты
Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Рождестволық жолдауы

Жоғары мәртебелілер мен мәртебелілер!
Құрметті әкелер, құрметті бауырлар, Қазақстан жерінің тұрғындары!

Біз бүгін дүниежүзілік тарихтағы ең үлкен оқиға- Құдайымыз әрі құтқарушымыз Иса Мәсіхтің Рождествосы мерекесін атап өтудеміз. Ежелгі пайғамбарлардың айтқандары орындалды –- шындықтың күні әлемді жарық етті, «Қараңғыда және өлім көлеңкесінде отырғандарды ақ жолға салып, бейбітшілікке жол көрсету үшін жоғарыдан бізге Шығыс келді,» (Лк. 1:78,79).

Қазір біздің жүрегіміз қуаныш пен шаттыққа толы, өйткені ішкі рухани көзқараспен біз Мәсіхтің дүниеге келгенін көрдік және әкеміз ұлын әлемге құтқарушы етіп жібергеніне куәлік етеміз (1 Ин 4:14). Періштелермен, кішіпейіл шопандармен бірге біз Құдай сәбиге мақтау әндері шырқап, мадақтаймыз- Бетлехем үңгіріне бас иеміз, әділ Иосифпен- Ұлы ғажайыпқа таңданамыз және волх-данышпандар сияқты, жаңа туған Мәсіх-патшаға өз сыйымызды – өкіну жемісін (Мат. 3: 8), сенім әрекетін және махаббат нәтижесін тарту етуге асығамыз (1 Фес. 1:3).

«Құдайым! Аспаныңды аш та, бізге түс» (Пс.143:5), – Құдайдан ажырап қалған адамдар қайғыға батып ғасырлар бойы осылай дұға етті. Уақыт басында Жаратушыға мойынсұнбаған және мәңгілік өмір өмір сүруден айрылған алғашқы адам арқылы әлемге зұлымдық еніп, күнә жер бетінде билік ете бастады. Бірақ бірінші адам орындай алмағанның бәрін ол үшін Құдайдың өзі орындады – Денеге айналған сөз (Ин. 1: 14), Құтты Бикештен туған Мәсіх. Ол Киелі жазбада көрсетілгендей, адамзаттың сенімі арқылы қайта тірілген жаңа Адам болды: «Бірінші адам-топырақтан, жерлік, екінші адам – аспаннан түскен құдайымыз» (1 Кор. 15:47). Құдай бір кездері алғаш жаратылған Адамды мойынсұнбағандықтан, материалдық әлемнен, адам жанынан ығыстырып кейіннен, қазіргі бейнесі арқылы ғаламға оралып, ақыл нұрымен адам жүректерін жарықтандырады.

Уақыттың барысын өзгерткен және аспанды жермен байланыстырған Мәсіхтің Рождествосы Құдайдың ойы бойынша әр адамның жеке рухани дүниеге келуі мен жаңаруының бастауы болды. Құдайдың бейнесі арқылы бізге үлкен және қымбат уәделер берілді, біз Құдайдың табиғатына қатысушы болдық (2 Петр. 1:4). «Сол үшін Құдай сөзі адамға айналып, Құдай ұлы адам ұлына айналды, осылайша сөзді қабылдаған және асырап алынған адам Құдайдың ұлы бола алды», – бұл ойды қасиетті шейіт Иреней Лионский айтқан еді (II ғасыр). Сол ежелгі Інжіл оқиғаларынан бастау алған адам табиғатының маңызды өзгеруі тарихта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Мәсіхтің құпия құбылысы сенушілердің жүректерінде түбінде қайта пайда болады. Біз Құтқарушымен дұғада сөйлесеміз, оған ғибадатханада ғибадат етеміз, Евхаристтің қасиетті рәсімінде Құдаймен байланыс орнатамыз, қасиетті жазбаларда жазылған Құдайымыздың мәңгілік сөздерін естиміз және оқимыз, қиындыққа душар болған адамдарға көмек қолын созып, азап шеккендерді жанымыздың жылуымен жылытқан кезде, Мәсіхті жақындарымызда кездестіре аламыз.

Рождестволық ғибадат кезінде періште әнінің сөздері бірнеше рет айтылады: «Құдайға мадақ, жер бетінде тыныштық, адамдарға рақымшылық» (Лк. 2:14). «Құдайға мадақ! Адамдарға-бейбітшілік! Кешірімді Құдайға мадақ. Құтқарушын рақымы мен іліміне мойынсұнған адамдарға бейбітшілік», – бұл керемет әннің мағынасын Әулие Филарет (Дроздов) осылайша қысқаша түсіндіреді. Тек сол жерде бейбітшілік, тыныштық пен жан тыныштығы жасырылған, онда өсиеттерге адалдық пен Құдайға мойынсұну бар. Адамзат қоғамындағы барлық апаттар мен бақытсыздықтардың, барлық құрылымсыздықтар мен қақтығыстардың негізгі себебі Жаратушының және оның ғаламның негізінде жатқан рухани заңдарының ұмытылуынан туындайды. Адамдардың Құдайға оралуы ғана қатыгездік пен жеккөрушілікті жеңе алады, тек сенім нұры бүгінгі елдер мен халықтар арасында таралатын моральдық қараңғылықты аша алады. Мәсіхтің дүниеге келуімен дарыған нұр бізге Ізгі хабарға сәйкес үлкен және кіші күш береді, жақсылық пен махаббатта өмір сүруге шабыттандырады. Құтқарушының рақымымен нығайтылған, қызғаныш пен ашуланшақтықты жүрегімізден шығарып тастаймыз, жала мен айыптауды тоқтатамыз, айналамыздағы адамдарға мейірімді және шыдамды боламыз, жауласушыларды татуластырамыз. Бесікте жатқан Құдай сәбиге ғибадат ете отырып, біз одан бүкіл әлемге бейбітшілік сұраймыз, сондай-ақ Апостолдың «Барлығымен бейбітшілік пен қасиеттілікке ие болу» өсиеті бойынша өзіміз үшін де дұға етеміз (Евр.12:14).

Жазба Иеміз Иса Мәсіхтің келесі әрекетін растайды: «Ол қайырымдылық жасаумен жүрді» (Деян. 10:38) міне, біз сіздермен бар күшімімізбен және мүмкіншілігіміз бойынша, жалындаған жүрекпен игі істер жасай отырып, Жаратушы және Құтқарушымызға еліктеуіміз қажет.

Қасиетті әйелден туған Құдай сәби бізге әлсіздіктеріміз бен кемшіліктерімізге шынайы мейірімділік пен шексіз мейірімділік көрсеткені сияқты, біз де адамдарға мейірімді және кешірімді болуымыз керек. Біз әрқашан өз ойымыздан жақындарымыздың жақсылығын, еліміздің игілігі-берекелі Қазақстан және туған Православие Шіркеуінің игілігін шығармай, Мәсіх сүйіспеншілігіне еліктеуге шақырамыз.

Әрқайсымыз жақсылық жасай отырып, кем дегенде қоршаған ортаны жақсы жаққа өзгерте аламыз, себебі, қараңғылық шынайы өмір нұрының алдында дәрменсіз (Ин. 1:5). Сіздерді бейбітшілік пен Құдайдың сүйіспеншілігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын және Мәсіхтен рухани және дене күшін дұға ете отырып сұраймын, осылайша, Біз жеке мысал ретінде әрқашан жақын және алыс адамдарға Бетлехемде дүниеге келген, бір өзі жол және өмір мен шындық болып табылатын Құдай сәби туралы куәлік беруіміз керек. (Ин. 14:6).

Мәсіхтің туған күні мен жаңа жыл мерекесі құтты болсын!

Мәсіх дүниеге келді-мадақтаңыз!
Мәсіх Көктен түсті – қарсы алыңыз!

ҚАЗАҚСТАН ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІНІҢ БАСШЫСЫ

Рождественское послание Главы Православной Церкви Казахстана митрополита Астанайского и Казахстанского Александра
АСТАНА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН МИТРОПОЛИТІ

2024 жылғы 7-қаңтар, Алматы қаласы