Апостол Андрей Первозванныйды еске алу күні митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский соборында Литургия өткізді
- 13.12.2023, 11:38
- Новости на казахском языке
2023 жылғы 13 желтоқсан – әулие апостол Андрей Первозванныйды еске алу күні.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралық соборында Құдайлық Литургия өткізді.
Митрополитпен бірге құлшылық еткендер: Астана епархиясының викарийлері – Қазақстан Митрополиттік округі істерінің меңгерушісі, Қаскелең епископы Геннадий, Талдықорған епископы Клавдиан және Талғар епископы Вениамин; Алматы приходтарының тәртіп қараушысы, Никольский соборының алдатұрары протоиерей Валерий Захаров; Астана шіркеу округінің тәртіп қараушысы архимандрит Сергий (Карамышев), Құдай Анасы белгішесі құрметіне арналған «Бар қайғырғандардың Қуанышы» Алматы ғибадатханасының бас дін қызметкері Евгений Воробьев, Алматы епархиясының дін қызметкері архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Гавриил (Тутберидзе), Оңтүстік астанадағы Вознесенский кафедралық соборының клиригі протоиерей Александр Иевлев, Астанадағы Успен кафедралық соборының кілтшісі протоиерей Дмитрий Байдек, Константин-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев, Іле шіркеу округінің тәртіп қараушысы протоиерей Александр Зырянов, протоиерей Димитрий Сидоров, митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттік хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Андрей Плетень, иеродиакон Софония (Мазуренко), диакон Александр Пивень, диакон Сергий Слесарчук.
Оңтүстік астананың бас ғибадатханасына сенушілердің рухани жұбанышы мен нығаюы үшін жәдігер – Мәсіхтің елшілерінің мүрде қалдықтары бар қобдиша әкелінді. Құнды жәдігер Вознесенский соборына және барлық православ қазақстандықтарға Христостың Рождествосы мен мерейлі дата – Қазақстан аумағында Митрополиттік округтің құрылғанына 20 жыл толуына орай сыйлық болды.
Литургия әндерін игумен Филипптің (Моисеев) жетекшілігіндегі Алматы епархиясының ерлер хоры орындады.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы бейбітшілікті қалпына келтіру және нығайту үшін дұға жасады.
Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Димитрий Байдек айтты.
Литургия соңында Мәсіхтің елшілерінің мүрде қалдықтары бар қобдишаның алдында Андрей Первозванныйға мадақ айтылды.
Митрополит Александр Мәсіхтің алғашқы шәкірті күнімен дін қызметкерлері мен қарапайым қауымды құттықтап, уағыз айтты.