Митрополит Александр посетил Национальный медицинский исследовательский центр оториноларингологии Федерального медико-биологического агентства России
Состоялась встреча митрополита Астанайского и Казахстанского Александра с послом Ватикана в Российской Федерации архиепископом Джованни Д’Аньелло
В Алма-Ате освящена часовня в честь Воскресения Христова для упокоения останков приснопамятных казахстанских иерархов XIX – XX веков
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Кемел шағын ауданындағы Успен шіркеуінде Литургия өткізді

2023 жылғы 1 қарашасы – Құдайдың пайғамбары Иоилді, Уар азап шегушісі және әулие Иоанн Рыльский еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласының Кемел шағын ауданындағы (бұрынғы Первомайский ауылы) Успен шіркеуінде Құдайлық Литургияны өткізді.

Қызмет басталмас бұрын Митрополиттік округ басшысы Успен шіркеуінің жаңадан салынған өрнектерін киелендіріп, батасын берді.

Митрополиттік округ Басшысымен бірге құлшылық еткендер: Алматы ғибадатханаларының тәртіп қараушысы, Никольский соборының қауымбасы протоиерей Валерий Захаров; Құдай Анасы белгішесі құрметіне арналған «Бар қайғырғандардың Қуанышы» Алматы ғибадатханасының бас дін қызметкері Евгений Воробьев; Іле шіркеулік округінің тәртіп қараушысы, Успен приходының алдатұрары протоиерей Александр Зырянов; Боралдай ауылындағы Иверский храмының алдатұрары игумен Филарет (Петроченко); Алматы облысы Жетіген ауылындағы әулие Иаонн Кронштадский храмының қауымбасы протоиерей Вадим Алексеев; Междуреченск ауылы Никольский ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Владимир Крауз; Чапаево ауылы Серафим шіркеуінің алдатұрары протоиерей Александр Агеев; митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; протодиакон Николай Гринкевич, Митрополиттік округі Басшысы хаттама қызметінің жетекшісі протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий, диакон Иаонн Чуркин; иеродиакон Зинон (Маров).

Е.Скорованың жетекшілігімен Алматыдағы Құтқарушы Христос соборының хоры ән шырқады.

Митрополит Александр сүйіспеншілікті арттыру және барлық өшпенділік пен зұлымдықты жою үшін арнайы дұғалар оқыды.

Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Валерий Захаров айтты.

Литургия соңында архипастыр ғибадат етушілерге қасиетті су бүркіп, тәлімдік сөз сөйледі.