В канун дня памяти святого князя Александра Невского и преподобного Александра Свирского митрополит Александр возглавил всенощное бдение в Вознесенском соборе Алма-Аты
В Москве продолжает работу Священный Синод Русской Православной Церкви
Состоялась пасхальная встреча митрополита Александра с преподавателями и учащимися Иоанно-Богословской гимназии
В Серафимо-Феогностовской пустыни к 30-летию прославления преподобномучеников Серафима и Феогноста открыта паломническая тропа «Восхождение в обитель»
Митрополит Александр Костромалық қасиетті азап шегуші Никодимді еске алу күні Мәскеудегі Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургия өткізді

2023 жылғы 21 тамыз – Жаратқан Иенің Түрленуінен кейінгі мереке, Құдай Анасының Толга белгішесінің құрметіне арналған мереке, Кострома архиепископы қасиетті азап шегуші Никодимді еске алу күні.

Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу қаласындағы Патриархтық кешен – Қазақстан Митрополиттік округінің Өкілдігінде Қасиетті азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және София атындағы шіркеуде Құдайлық Литургия өткізді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткендер: Қазақстан Митрополиттік округі басшысының көмекшісі иеромонах Антоний (Дробязко) және ғибадатхананың клириктері.

Анна Рожнованың жетекшілігімен азап шегушілер Вера, Надежда, Любовь және София ғибадатханасының хоры ән шырқады.

Дұға еткендер: Өкілдік қызметкерлері, Патриархтық кешеннің ктиторлары және ғибадатхананың прихожандары.

Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы бейбітшілікті қалпына келтіру және нығайту үшін дұға етті.

Литургия Иеміздің Түрленуіне, Құдай Анасының Толга белгішесін және Костромалық азап шегуші Никодимге мадақ айтумен аяқталды, содан кейін митрополит Александр қызметке қатысушыларға архипастырлық уағыз айтты.

Митрополиттік округ басшысы өз сөзінде әулие Никодимнің өмірі мен азапты өлімі туралы айтып, баршаны оның пастырлық қызметі мен күнәні мойындау үлгісінен шабыт алуға үндеді.