Алматыдағы Иверско-Серафимовcкий монастырында алғашқы азап шегуші архидиакон Стефанды дұғамен еске алу рәсімі өтті
- 15.08.2023, 14:27
- Новости на казахском языке
2023 жылғы 15 тамыз – Алғашқы азап шегуші архидиакон Стефанның мүрде қалдықтарын Иерусалимнен Константинопольге көшіруі және тақуа Никодим, Гамалиил және оның ұлы Авивтің мүрде қалдықтары табылғаны құрметіне арналған мереке.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Иверско-Серафимовский монастырының София соборында Құдайлық Литургия өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткендер: Алматы ғибадатханаларының тәртіп қараушысы, Никольский соборының қауымбасы протоиерей Валерий Захаров; Параскевинский шіркеуі мен Александр Невский ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Иоанн Лопатин; Боралдай ауылындағы Иверский ғибадатханасының қауымбасы игумен Филарет (Петроченко); Есіктегі Спасо-Силуанова ерлер монастырының алдатұрары игумен Назарий (Марков); Алматыдағы Христорождественский соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Алматы рухани семинариясы ректорының міндетін атқарушы, Митрополиттік округінің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы протоиерей Евгений Иванов; Патриархтық комиссияның дене шынықтыру және спорт жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев), Іле шіркеу округінің тәртіп қараушысы протоиерей Александр Зырянов, митрополиттің жеке хатшылығының меңгерушісі иеромонах Прохор (Ендовицкий), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров, Алматы епархиясы ғибадатханаларының діни қауымы. Диакондар қауымын протодиакон Николай Гринкевич басқарды.
Ғибадатхананың орталығындағы аналойда Православиенің ұлы жәдігері – XVIII ғасырдағы таңдамалы әулиелердің мүрде қалдықтары бар иконасы, оның ішінде алғашқы азап шегуші архидиакон Стефанның мүрде қалдықтары және Мәсіхтің азапталып көз жұмған жеріндегі тас салынған қобдиша. Тастың бір бөлігінде Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген әртісі С.Н. Соколов салған әулие Стефанның кескіні бейнеленген.
О. Усолцеваның жетекшілігімен София соборының хоры ән шырқады.
Құдайға қызмет ету кезіндегі дұға еткендер: Иверско-Серафимский әйелдер монастырының қауымбасы игумения Любовь (Якушкина) әпке-сіңлілермен бірге; Алматы епархиялық басқармасының қызметкерлері; әулие Матрона Московская монастырының жаңадан құрылған мейірлі әпкелер қауымы.
Архипастыр сүйіспеншілікті көбейту және барлық өшпенділік пен зұлымдықты жою үшін дұға етті.
Қасиетті өлең туралы уағызды протоиерей Евгений Иванов айтты.
Қызметтің соңында архидиакон Стефанға мадақ айтылып, содан кейін митрополит Александр қызметке қатысқандарға ғибратты сөзін арнады.
Құлшылық аяқталған соң, Оңтүстік астананың Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының жаңадан құрылған мейірлі әпкелер қауымы мүшелеріне бата беру рәсімі өтті.