Празднование в честь иконы Божией Матери, именуемой «Знамение»
В канун Дня Великой Победы священнослужители Алма-Аты во главе с митрополитом Александром возложили цветы к мемориалу Славы в парке имени 28-ми Гвардейцев Панфиловцев
Архиепископ Амфилохий награжден орденом Православной Церкви Казахстана
Митрополит Александр удостоил известных общественных деятелей Казахстана ордена «Бейбітшілік пен Келісім» (Мир и Согласие)
«Невский» спорт клубының тәрбиеленушілері еркін күрестен балалар турнирінде 9 медальді қанжығасына байлады

2023 жылғы 15-16 шілдеде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің әлеуметтік қорғау орталығында еркін күрестен балалар арасында ашық турнир өтті.

Байқау Қазақстан Православие Шіркеуінің құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылған.
Турнирді Алматы епархиясының тақуа князі Александр Невский атындағы спорт клубы (жетекшісі және жаттықтырушысы – диакон Александр Воронин) ұйымдастырды.
Шараға Алматы қаласы мен Алматы облысынан жеті команда қатысты. Жасөспірімдер бірнеше салмақ дәрежесінде күш сынасып, шын мықтыны анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша Невский клубының тәрбиеленушілері түрлі салмақ дәрежесінде жүлделі орындарға ие болды. Жүлделі орын иемденген спорт клубтың тәрбиеленушілері:
Степан Выскребов, Назар Фещенко – алтын медаль;
Богдан Фещенко, Әділ Тосынбай, Радмир Сабиров, Иоанн Воронин, Жақып Рамазан, Дәулет Тосынбай, Мадияр Төрехан – күміс медаль.