В Адриано-Наталиевском храме поселка Отеген батыр совершена архиерейская Литургия, посвященная памяти мученицы Татианы Римской
Вознесенский кафедральный собор Южной столицы посетил посол Российской Федерации в Казахстане А.Н. Бородавкин
В день памяти святителя Михаила, первого митрополита Киевского, Глава Казахстанского Митрополичьего округа совершил Литургию в Матронинском храме Иверско-Серафимовского монастыря Алма-Аты
Состоялась встреча митрополита Александра с духовенством Уральской епархии
Павлодар мен Екібастұз епархияларының кезекті епархиялық кеңесінің жиыны өтті

2023 жылғы 13 шілде. Павлодар. Благовещенск кафедралық соборындағы рухани-әкімшілік орталығында Павлодар және Екібастұз епископы Варнаваның төрағалығымен Епархия кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Епархия кеңесінің мүшелері қатысты: Екібастұз шіркеулік округінің тәртіп қараушысы протоиерей Игорь Попов, Епархия басқармасының хатшысы және Павлодар шіркеулік округінің тәртіп қараушысы протоиерей Алексей Степанов, Павлодардағы Христо-Рождественский соборының кілтшісі протоиерей Константин Кутасевич, Тереңкөл шіркеулік округінің тәртіп қараушысы протоиерей Владимир Трубаченко және Діни білім мен катехизация епархиялық бөлімінің басшысы иерей Артемий Жданов.

Отырыста Павлодар епархиясының Ақпарат және баспа бөлімі мен Діни білім мен катехизация бөлімі басшыларының бөлімдердің жұмысы туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ Павлодар епархиясының Кирилло-Мефодиевский XI жексенбілік мектеп фестивалін ұйымдастыру, Халықаралық Рождестволық оқу оқуларының епархиялық кезеңін және миссионерлік қызметке қатысты шешімдер қабылданды.

Кеңес мүшелері приходтардағы рухани-ағарту жұмыстарының қызметін жетілдіру жөнінде пікір алмасып, сонымен қатар епархия бөлімдерінің қазіргі қызметіне талдау жасады.

Жиналыс соңында иерарх отырысқа қатысқандарға алғыс білдіріп, барлығына архипастырлық батасын берді.