Музей Казахстанского Митрополичьего округа пополнился новым историческим документом
В день памяти великомученика Димитрия Солунского Глава Православной Церкви Казахстана совершил Литургию в Богородице-Рождественском храме поселка Акжар
Церковных наград удостоены клирики и миряне Алма-Атинской епархии, отмечающие в 2021 году личные памятные даты
В день памяти врачей-бессребреников Космы и Дамиана Аравийских митрополит Астанайский и Казахстанский Александр посетил Научно-клинический центр оториноларингологии Министерства здравоохранения России
Митрополиттік округінің Басшысы М.Ф. Владимирский атындағы ғылыми-зерттеу клиникалық институты директоры, Ресейдің Еңбек сіңірген дәрігері К.Э. Соболевпен кездесті

2023 жылғы 20 шілде. Мәскеу. Астана және Қазақстан митрополиті Александр М.Ф. Владимирский атындағы Мәскеу облыстық ғылыми-зерттеу клиникалық институтына барып, онда директоры – Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Соболев Константин Эдуардовичпен кездесті.

Константин Эдуардович митрополит Александрға М.Ф. Владимирский атындағы институттың тарихы мен қазіргі тыныш-тіршілігі туралы айтып берді. Ресейдегі бірегей мекеменің тарихы 1773 жылы бері бастау алады, оған қоса ең көне ғылыми-медициналық және білім беру кешені болып саналады. Мекеме басшысы бүгінде институт жан-жақты салада медициналық көмек көрсететін көпсалалы орталық екенін, емдеу процесі осында жасалған бірегей дәрі-дәрмектер мен биотехнологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатынын атап өтті.
Митрополит Қазақстандағы Православие Шіркеуінің тыныш-тіршілігі туралы ақпаратпен бөлісті, биыл елдегі дін өкілдері үшін ерекше даталар – Митрополиттік округтің құрылғанына 20 жыл және Қазақстандық азап шегушілер мен тәубе етушілер соборы құрметіне жалпы шіркеулік мерекенің құрылғанына 15 жыл толды.
Иерарх Қазақстанның үздік дәрігерлерімен – Республиканың жетекші оториноларингологы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Райс Қажкенұлы Төлебаевпен, кардиохирург дәрігер, «University Medical Center» корпоративті қорының басқарма төрағасы Юрий Владимирович Пя және ҚР Ұлттық ғылым академиясы академигі, профессор, медицина ғылымдарының докторы Валерий Васильевич Бенберинмен сөйлесіп, әңгімеден алған әсерін, жылы лебізін бөлісті.
Медицина саласындағы қажырлы еңбегі мен көп жылғы қызметі үшін Константин Эдуардович Соболев Қазақстан митрополиттік округінің жоғары наградасы – Қырым архиепископы дәрігер әрі әулие Лука орденімен марапатталды.