Жексенбіде және Алматының қасиетті азап шегушілері Серафим мен Феогност мерекесінде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас ғибадатханасында Литургия өткізді
- 16.07.2023, 14:54
- Новости на казахском языке
2023 жылғы 16 шілде – Елу күндіктің 6-шы аптасы, Мәскеу және бүкіл Ресей митрополиті, әулие Филипті еске алу күні; Алматы, Ақсайдың қасиетті азап шегушілері Серафим мен Феогносттың мүрде қалдықтары табылуының құрметіне арналған мереке.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралық соборында әулие Иоанн Златоусттың Құдайлық Литургиясын өткізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткендер: Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), Алматыдағы Вознесенский кафедралық соборының кілтшісі, Округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов, Патриархтық комиссияның дене шынықтыру және спорт жөніндегі мүшесі игумен Филипп (Моисеев), Митрополит округі басшысының әкімшілік хатшылығының жетекшісі иерей Георгий Сидоров; Орал қаласындағы Михаил-Архангельский ғибадатханасының клиригі иерей Андрей Александров, диакондар қауымын протодиакон Николай Гринкевич басқарды.
Қызмет басталғанда Оңтүстік астананың бас ғибадатханасына құлшылық ету және сенушілердің рухани нығаюы үшін аза шегуші Серафим мен Феогносттың мүрде қалдықтары бар қобдиша әкелінді.
Литургия әндерін Н. Зубревичтің жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.
Архипастыр сүйіспеншілікті көбейту және барлық өшпенділік пен зұлымдықты жою үшін дұға оқыды.
Қасиетті өлең туралы уағызды игумен Филипп (Моисеев) айтты.
Литургия соңында Мәсіхтің азап шегушілерінің мүрде қалдықтары бар қобдишаның алдында аза шегуші Серафим мен Феогностты мадақтау рәсімі өтті. Владыка Қазақстан Митрополиттік округінің епископатына, пастырларына, монахтық өмірдегілерге және діндарларға, оған қоса Қазақстан жерінің тыныштығы мен гүлденуі үшін, Президент Қ.-Ж.К. Тоқаев, Республика билігі, әскері және халқы үшін дұға етті.
Иерарх жиналғандарға қасиетті суды бүркіп, содан кейін ол сенушілерге өнегелі сөзін айтты.
Қызметтің соңында архипастыр Вознесенский кафедралық соборының клиригі игумен Филиппті (Моисеев) көктегі қорғаушы күнімен құттықтап, қасиетті просфораны табыс етіп, пастырға Мәсіх Шіркеуінің игілігі үшін жасаған еңбегінде Құдайдың жәрдемін тіледі.