Митрополит Астанайский и Казахстанский Александр почтил память жертв ядерных испытаний на Семипалатинском полигоне
Глава Митрополичьего округа совершил первое в наступившем Великом посту чтение покаянного канона преподобного Андрея Критского
В день памяти Феодоровской иконы Божией Матери епископ Нектарий совершил Литургию в Софийском соборе Иверско-Серафимовского монастыря Алма-Аты
Память преподобноисповедника Севастиана Карагандинского почтили в Нур-Султане
Алматыда ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылуына орай Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің құттықтау хаты

2023 жылғы 13 шілдеде Алматы қаласындағы Александр Невский соборының алдындағы алаңда әулие тақуа ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіштің ашылу әрі киелендіру салтанаты өтті. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға және мерекелік шараларға қатысушыларға құттықтау хатын жолдады.

Владимир Владимирович ескерткіштің ашылуын Қазақстанның рухани-мәдени өміріндегі үлкен оқиға деп атап, ұлы князьдің бейнесі тарих беттерінде мәңгі қалатынын баса айтты.

«Біз оның батылдығы мен даналығына, туған жерінің игілігі үшін жасаған құрбандығына тәнті боламыз. Біз оны имандылық пен ел бірлігінің сақшысы ретінде құрметтейміз. Князь Александр Невскийдің бейнесі ел басына күн туғанда Отан қорғаушыларды шабыттандырды. Оның дипломат және мемлекет қайраткері ретіндегі мұрасы күні бүгінге дейін Еуразия кеңістігіндегі түрлі халықтар мен конфессиялар өкілдері арасында сындарлы диалог құрудың маңызды негізі болып табылады», – делінген Ресей Президентінің жолдауында.

Владимир Владимирович: «Ескерткіш Ресей-Қазақстан қарым-қатынасының негізін қалаушы басты құжат – XXI ғасырда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына 10 жыл, сондай-ақ Қазақстан Митрополиттік округінің құрылғанына 20 жыл толғанда бой көтерді», – деп атап өтті.

Ресей мемлекетінің басшысы Православие Шіркеуіне, ескерткішті жасаған мамандарға, Қазақстан халқына және тарихи мұраны шынайы құрметпен, ұқыптылықпен сақтайтын және құрметтейтін барлық жанашыр адамдарға алғысын білдіріп, бұл жұмысты рухани мирасқа теңеп, сұраныстың жоғары деңгейі деп атады.

«Барлығыңызға денсаулық пен амандық тілеймін. Және, әрине, достас Қазақстан халқына гүлдене берсін деймін», – деді В.В. Путин.