Семинар по разъяснению антикоррупционного законодательства для духовенства и церковных работников состоялся в Караганде
Поздравительный адрес членов Священного Синода Святейшему Патриарху Кириллу с годовщиной интронизации
День памяти мучениц Веры, Надежды, Любови и Софии – престольный праздник храма Представительства Православной Церкви Казахстана в Москве
В день памяти великомученицы Варвары митрополит Александр совершил Литургию в Никольском соборе Южной столицы
Митрополит Александр қазақ тілін меңгеруді дамыту мәселелері жөнінде жиналыс өткізді

2023 жылғы 10 шілде. Алматы. Митрополит Иосиф (Чернов) атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің рухани-мәдени және әкімшілік орталығында Астана және Қазақстан митрополиті Александр Республикадағы қазақ тілін оқыту саласындағы белгілі маман Гүлмира Әбілмәжінқызы Амандықовамен кездесті.

Жиналысқа қатысқандар: Алматы православиелік рухани семинариясының ректорының міндетін атқарушы протоиерей Евгений Иванов және Г.А. Амандықованың қазақ тілін кеңінен насихаттап жүрген оқушылары.

Митрополит Александр қонақтарға рухани әрі мәдени маңызы бар жоба – дәстүрлі конфессиялар, ғылыми орталар, оған қоса қоғам тарапынан қолдау мен мақұлдауға ие болған Киелі кітапты қазақ тіліне аудару ісі туралы айтып берді. Архипастыр қонақтарға Митрополиттік округтің ақпараттық ресурстары негізінде түрлі форматтағы – видео, аудио және мәтіндік қазақ тілін оқыту курстарын құру жоспарымен бөлісті.

Гүлмира Әбілмәжінқызы митрополитке өзінің қызметі мен сабақ беру ерекшелігі туралы айтып берді. «Әдістеменің бірегейлігі мынада: еш жаттаусыз, үй тапсырмасынсыз алғашқы сабақтан бастап-ақ сөйлеп кетуге болады. Мен әрқашан қазақ тілінің ерекшелігін айтудан бастаймын. Материалдар «оңайынан күрделіге» принципі бойынша әзірленген. Әр оқушы Қазақстанды қайта танып, қазақ елінің мәдениетін түсініп, әсіресе қазақ тілін меңгеруге талаптанады», – деп атап өтті педагог.

Кездесу барысында қазақ тілін меңгеруді кеңінен тарату саласында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Г.Ә. Амандықова семинария мен орталық жексенбілік мектептің кітапханасына өзі авторы болып табылатын оқу құралын табыстады. Митрополит Александр қонақтарға Митрополиттік округ басып шығарған кітаптарды, оның ішінде қазақ тіліндегі тұңғыш дұға кітабын тарту етті.