Церковных наград удостоены клирики и миряне Алма-Атинской епархии, отмечающие в 2021 году личные памятные даты
Завершился пленум Межсоборного присутствия Русской Православной Церкви. В работе принял участие Глава Казахстанского Митрополичьего округа
День памяти равноапостольных Кирилла и Мефодия. Митрополит Александр совершил Литургию в Синодальном храме в честь Астанайской-Почаевской иконы Божией Матери
В праздник Рождества Христова управляющий делами Казахстанского Митрополичьего округа совершил богослужения во Владимирском храме Южной столицы
Митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский соборында ұлы тәубе канонының үшінші бөлімін оқыды

2023 жылғы 1 наурызда, сәрсенбі күні Ұлы оразаның бірінші аптасында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы Вознесенский кафедралық соборында Әулие Андрей Критскийдің тәубе канонын оқуды жалғастырды.

Сәрсенбіде рухани тұңғиыққа құлдилаудан бастап жоғары тақуалыққа шарықтаған Мысырлық Әулие Марияның құрметіне Ұлы канонға бірнеше тропарь қосылған.
Құдайға қызметтің жанында Митрополит округі бөлімдерінің басшылары, Вонесенский соборының клириктері, Алматы епархия басқармасының қызметкерлері, приходтар дұға етті.
Кешкілік әндерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтің жетекшілігімен Митрополит округінің хоры және Н. Зубревич жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.
Сенушілердің рухани жайлылығы мен нығаюы үшін қасиетті зат әкелінді – митрополит Александрдың батасын алып, Құдайдың әулиелері жасаған Иеміздің крестінің бейнесі: апостолтеңдес император Константин мен патшайым Елена, апостолтеңдес ұлы князь Владимир және ұлы князь Ольга, адал ұлы князь Александр Невский және қасиетті Александр Свирский.
Канон оқылған соң Қазақстан Православие Шіркеуінің Қауымбасы жиналғандарға ғибратты сөздер айтты.
Қазақстан Мирополит округінің «Жетісу» YouTube арнасында Әулие Андрей Критскийдің канонын оқу барысы тікелей эфирде көрсетілді.
Бейсенбіде митрополит Александр Оңтүстік астананың бас ғибадатханасында Әулие Андрей Критскийдің тәубе ету канонын оқуды аяқтайды.
«Жаным менің, жаным менің, оян, неге ұйықтап жатырсың? Соңы жақындап келеді...», – деген Андрей Критскийдің ұлы тәубе ету канонының терең мағыналы сөздерін естиміз. Күнәлі ұйқыдан арылып, көктегі Әкеге оралу үшін Мәсіхтің Шіркеуі бізге жан тыныштығын сақтайтын құрал ретінде қасиетті Қырық күндіктегі тәубе ету күндерін ұсынады. Ұлы ораза күнәға белшесінен батқан біздің әлемде Інжілге сәйкес өмірлік нұсқау береді, зұлым әдеттерді жеңуді және ізгілік жолын іздеп табуды үйретеді, Құдаймен бірге өмір сүрудің қуанышына жол ашады. Ұлы ораза тұту маңызды екенін түсініп қана қоймай, сонымен қатар бұл құтқарылуға бастайтын тура жолдағы басты шарт екенін де ұғыну керек. Әулие Амвросий Медиоланский былай дейді: «Бұл уақытты Мәсіх Өзінің оразасымен қасиетті еткен. Христиандардың қасиетті Қырық күндікте ораза тұтпағандары Құдай құтқару үшін берген киелі заңды бұзып, серттен таяды әрі қыңырлық танытады... Ораза ұстау игі іс болған соң, сәйкесінше ораза тұтпау – күнә». Кейде шынайы рухани өмірден алыс адамдар «бізге ешкім үйреткен жоқ, ештеңе білмейміз, түсінбейміз» деп өз-өздерін ақтауға тырысады. Бірақ дәл қазір Шіркеу Ана барлығын үндейді: «Балалар, келіңдер, мені тыңдаңдар: сендерге Жаратқан Иені құрметтеуді үйретемін» (Забур 33:12). Ғибадат ету, тағзым ету, қара киім, көңілді елжірете шырқалатын созылыңқы әндер – осының барлығы жердегі шіріген дүниені шетке ысырып, Көктегі және мәңгіге жан-тәніңмен жалбарынуға көмектеседі. Шіркеудің мұндай литургиялық қазынасын елемеуге болмайды. Құдайдың ғибадатханасына жиі бару, шіркеу құлшылығына қатысу, дұғалар мен әндерге көңіл бөлу ораза мен нағыз тақуалық мектептің маңызды аспектілерінің бірі болады». Митрополит Александрдың уағызынан.