Оңтүстік астанада Иеміз Иса Мәсіхтің Ғажайып бейнесінің Қазақстанға әкелінуіне орай рухани салтанат өтті (+ВИДЕО)
- 23.02.2023, 15:00
- Новости на казахском языке
2023 жылғы 23 ақпанда Алматы қаласында әйгілі православие әулиелерінің жиналысы өтті.
Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополит округінің құрылғанына 20 жыл толуын мерекелеу аясында елімізге Иеміз Иса Мәсіхтің ғажайып бейнесі Кострома митрополиясынан әкелінді. Көптеген ғажайыптармен танымал Құтқарушының бірегей белгішесі Кострома облысы (Ресей) Галич қаласындағы Успен Паисиев монастырында сақталған. «Ием, Сенің Кіршіксіз бейнеңе тағзым етеміз» тропары шырқалып жатқанда діни қызметкерлер ғажайып бейнені Вознесенский кафедралды соборына әкеліп, ғибадатхананың ортасына гүлдермен безендірілген қобдишаны орнатты.
Вознесенский кафедралды соборында қасиетті жәдігердің әкелінуіне арналған Құдайлық Литургияны Астана және Қазақстан митрополиті Александр жүргізді.
Қазақстан Православие Шіркеуінің алдатұрарымен бірге құлшылық еткен: Қазақстан Митрополит округінің істері басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий, Галич және Макарьевский епископы Алексий (Кострома митрополиясы), Астана епархиясының викариі, Талдықорған епископы Клавдиан, Шымкент және Түркістан епископы Хрисанф; Алматы храмдарының тәртіп қараушысы, Әулие Никольский соборының бас дін қызметкері протоиерей Валерий Захаров; Құдай Ана белгішесі құрметіне арналған «Бар қайғырғандардың Қуанышы» Алматы ғибадатханасының бас дін қызметкері Евгений Воробьев, Алматы епархиясының діндары архимандрит Иоанн (Сазонов), архимандрит Вениамин (Рудый); Қазақстан митрополиті округінің діни білім және катехизация басқармасының төрағасы, Құдайдың Қасиетті Анасының шапағатының шіркеуі мен ғибадатхананың бас дін қызметкері, протоиерей Евгений Бобылев; Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, собор кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі патриархтық комиссияның мүшесі игумен Филипп (Моисеев), Қаскелең қаласының Құдай Архистратигі Михаил атындағы собордың бас дін қызметкері игумен Вианор (Иванов), Параскевин ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Иоанн Лопатин, Христорождество соборының кілтшісі протоиерей Александр Гайченя, Қасиетті азап шегуші Косма пен Дамиан атындағы ғибадатханасының қауымбасы протоиерей Георгий Чистяков, Богоявление ғибадатханасының бас дін қызметкері протоиерей Валерий Шаврин, Іле шіркеу округінің тәртіп қараушысы протоиерей Александр Зырянов, Әулие Никольский соборының кілтшісі протоиерей Игорь Светличный, Боралдай ауылындағы Иверский ғибадатханасының қауымбасы игумен Филарет (Петроченко), Бәйтерек ауылындағы Алексеевская шіркеуінің бас дән қызметкері протоиерей Анатолий Бойко, Гүлдала ауылындағы Иоанн-Предтеченский шіркеу бас дін қызметкері протоиерей Георгий Харлов, Маловодное ауылындағы Жаратқан Құдайдың келуінің құрметіне аталған ғибадатхананың қауымбасы протоиерей Николай Ткаченко, митрополиттің жеке хатшылығының басшысы иеромонах Прохор (Ендовицкий); Алматы епархиясы храмдардың қауымбасылары мен діни қызметкерлері; протодиакон Николай Гринкевич, митрополиттің хаттама қызметінің басшысы протодиакон Роман Головин, протодиакон Владимир Сыровацкий.
Литургия әндерін Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері О.Н. Овчинниковтің жетекшілігімен Митрополит округінің хоры мен Н. Зубревич жетекшілігімен Вознесенский соборының хоры орындады.
Құдайға қызметте дұға қылған: Оңтүстік астананың Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының қауымбасы Любовь (Якушкина), монастыр әпкелерімен, Алматы епархиясы басқармасының қызметкерлері, Алматы рухани семинариясының студенттері, епархияның ктиторлары, Оңтүстік астананың православ сенушілері.
Орыс Православие Шіркеуінің барлық ғибадатханасында Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің батасымен оқылатын бейбітшілікті қалпына келтіру туралы дұға жасалды.
Ортаң өлеңнен кейін протоиерей Кирилл Шкляр Қазақстанға Иса Мәсіхтің Керемет бейнесін әкелуге қатысты Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың жолдауын оқыды.
Литургия соңында ғажайып жәдігердің алдында мадақтау өтті – діни қызметкерлер мен хор Құтқарушының ұлылығын, тропарь және кондакты әнге қосты.
Көпжылдық «Ұлы Иемізге және біздің әкеміз Кириллге, Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Әулие Патриархы және Қасиетті Үштік-Сергиева Лавра, қасиетті архимандритке; Қазақстан Митрополит округінің бас архипастырлары; билігі, әскері мен Қазақстан халқы және барлық православиелік христиандарға» жарияланды.
Қызмет соңында Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы иерархтарға, діни қызметкерлерге, монахтарға және салтанатқа қатысушылардың барлығына ортақ дұғасы үшін шын жүректен алғыс айтып, жиналғандарды елеулі оқиға – Жаратқан Ие Иса Мәсіхтің ғажайып бейнесінің Қазақстанның Оңтүстік астанасына келуімен құттықтады да уағыз айтты.
Митрополит Галич және Макарьевский епископы Алексийге алғысын білдірді, ол киелі жәдігерді сақтаушы әрі Қазақстанға жиһангерлермен бірге келген.
Елордалық құдайлық қызметтің бейнетүсірілімін Қазақ митрополиттік округінің «Жетісу» телестудиясы жүргізді (режиссері – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева , оператор А. Шмидт); фотофиксация – ақпарат бөлімінің қызметкері И.Буренин.
Митрополиттік Құдайға қызметтің бейнетүсірілімін Қазақстан Митрополит округінің «Жетісу» православтық телестудиясы (директор – еңбек сіңірген мәдениет қайраткері В.Л. Посаднева, оператор – А. Шмидт) жүзгізді; фотофиксацияны ақпарат бөлімінің қызметкері И. Буренин жүргізді.
23 ақпаннан бастап 24 ақпанға дейін Құтқарушының ғажайып бейнесі Оңтүстік астананың Вознесенский кафедралды соборында болады (мекенжайы: Гоголь көшесі, 40в, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы), одан кейін Керемет кескіш 25 ақпаннан бастап 28 наурызға дейін Алматы қаласындағы Иверско-Серафимовский әйелдер монастырының София соборында болады (мекенжайы: Латиф Хамиди көшесі, 30, Жангелдин мен Әшімбаев көшелерінің қиылысы). Ғажайып бейне күн сайын сағат 7:30-дан бастап 19:00-ге дейін қолжетімді болады.
Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен «Жетісу» Митрополиттік округінің телестудиясы «Григорий Журавлев. Керемет кескіндер» атты фильм түсірді.