На сайте международной «Православной интернет-карусели» подведены итоги дистанционного конкурса колядок
Слово митрополита Астанайского и Казахстанского Александра при закладке памятника благоверному князю Александру Невскому в городе Алма-Ате
В дар Свято-Амвросиевскому женскому монастырю Белорусского экзархата переданы мощи преподобного Севастиана Карагандинского
В день памяти великомученицы Анастасии Узорешительницы Глава Митрополичьего округа совершил Литургию в Благовещенском храме Южной столицы
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Мәскеу Патриархиясының істері басшысымен кездесті

2023 жылғы 11 ақпан. Мәскеу. Новоспасск монастырында Қазақстан митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Мәскеу Патриархиясының істері басшысы митрополит Дионисий Воскресенскиймен кездесті.

Митрополит Александр Дионисийге Қазақстанның шіркеу өміріндегі негізгі оқиғалар туралы айтып, биылғы жылы екі атаулы күн – Республика аумағында Митрополит округінің құрылғанына 20 жыл және Қазақстанның Жаңа азап шегушілері мен тәубе етушілері соборының құрметіне арналған мерекенің құрылғанына 15 жыл толатынын хабарлады.

Қазақстан Митрополит округінің басшысы Мәскеу Патриархиясының істері басшысына Ресей елшісі А.Н. Бородавкин, Куба елшісі О.С. Леон және АҚШ елшісі Д.Н. Розенблюм және Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбек секілді дипломатиялық миссия өкілдерімен кездескені туралы құлағдар етті.

Екі тарапты да қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Митрополиттер Қазақстандағы шіркеу-мемлекет қатынастары мен конфессияаралық диалог тақырыптарын талқылады, сонымен қатар елордалық округте рухани білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында архипастырлар бір-біріне деннің саулығы мен шіркеу жұмысында Құдайдың рақым етуін тіледі.