Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысының Ақтөбе қаласының әкімі Е.Л. Тоғжановпен кездесуі өтті
- 07.11.2022, 19:41
- Новости на казахском языке
2022 жылдың 7 қарашасы. Ақтөбе. Облыс әкімшілігінде Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Ақтөбе қаласының әкімі Ералы Лұкпанұлы Тоғжановпен кездесті. Кездесуде Православие Шіркеуінен: Ақтөбе және Қызылорда епископі Игнатий, Астана епархиясының орынбасары, Талдықорған епископі Клавдиан болды; әкімшілік жақтан – облыс әкімінің орынбасары Б.О. Елеусінов, дін істер басқармасының жетекшісі А.Ж. Туралиев, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары – облыс әкімінің баспасөз хатшысы Е.Х. Байтанаев қатысты.
Кездесу барысында әкім митрополит Александрды жылы сөздермен өңірге келіп, Ақтөбе аймағындағы православтық дірдарларға көңілін бөлгені үшін алғысын айтты. Ералы Лұқпанұлы басқарушы биліктің және Республикадағы басты дәстүрлі діни конфессиялардың –
Ханафи мазһабын ұстанатын ислам діні мен Православие христиандығы – әр қашанда облыстағы дінаралық және этника аралық бейбітшілік пен келісімнің құрылымдық сұхпатын сақтаудың маңызды шарты болып табылатынын атап өтті.
Митрополит Александр Қазақстанның Православие Шіркеуінің төреағасы ретінде, сұхпатшысына Ақтөбе епархиясының басқарушысы епископ Игнатийді және өзінің орынбасары – епископа Клавдианды таныстырды. Архипастырь келешекте, әр түрлі ұлттың және әр түрлі діннің қолдаушыларының бір-біріне деген бауырлық сүйішпенділігін және сыйластығын нығайтатын және қоғамда дәстүрлі рухани-өнегелік құндылықтарды сақтауға кепілдік беретін облыстағы зайырлы билікпен шіркеу билігінің арасында конструктивті қарым-қатынастың дамуына үмітін білдірді.
Сұхпат барысында өңірдің басшысы митрополит Александрды облыстың өмірімен таныстырып, экономикалық көрсеткіштердің серпінді өскені жайында атап өтті. Е.Л. Тоғжанов иерархқа өзінің әкім қызметіне тағайындалған күнінен бастап жұмыс барысымен облыстың барлық аудандарына барып, халықты толғандыратын басты күрделі мәселелерін өз қолына бақылауға алғаны жайында атап өтті.
Митрополиттік аймақтың басшысы әкімге өзінің Ақтөбе епархиясына сапарының мақсаты жайында, оның бірі – Православиенің ұлы қасиетті заты – әлемде ең әйгілі әулие кереметтер Істеуші Николайдың киелі денесінің бөлшегін діндарлардың дұға айтып тізе бүгуіне алып келуін хабарлады. Алдиар митрополит шіркеу өміріндегі оқиға Түркістан епархиясының құрылуының мерекесінің шеңберінде өтетінін атап өтті. Алдиар митрополит мерейтойға байланысты өзінің сәлемдігін Қазақстан Президенті Қ. Ж. К. Тоқаев – Қазақстанның митрополиттік аймағын, белсенді ағартушылық және қоғамдық қызметті атқарып және дәстүрлі рухани-өнегелік құндылықтардың дамуына көмегін тигізіп, дінаралық және этника аралық бейбітшілік пен келісімнің құрылымдық сұхпатын сақтаудың маңызды ісін атқарған Түркістан епархиясының лайықты қабылдаушысы деп атағанын, атап өтті.
Сұхпаттаушылар 5 қарашада өткен – елдің президенті Қ. Ж. К. Тоқаевтың Қазақстанның Конститутиясына өзгерістер енгізген 2022 жылдың өткен маусымында республикалық референдумда бірқатар маңызды заңдарға қол қойғаны жайында оқиғаларға, еліміздің өмірінің оқиғаларына жоғары баға қойды. Ортақ пікір бойынша, тәуелсіздік жылдары қазақстандықтар, әр түрлі ұлттар және әр түрлі дінді ұстанатын адамдар өздерін жайлы сезіну үшін, азат қоғам құруға үлесін қосты. Мемлекеттің ішкі саясатының басымды бағыты, еліміздегі бейбітшілікпен келісімді нығайту екені, ал бұл игілікті мақсаттарға жету жолы тек Республикадағы Заңның Басты қағидаларын ұстану арқылы жетуге мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Сұхпат барысында облыстың алдағы кезексіз 2022 жылдың 20 қарашасында өтетін Қазақстан Республикасының Президентіне сайлауға дайындық жайында мәселелер айтылды. Ералы Лұқпанұлы алдияр митрополитке қалалық және аудандық әкімшіліктерде, арнайы құрылған Call-орталықтар жұмыс істейтінін, ол жерлерлерде азаматтарды сайлаушылар қатарына қосатын және сайлау участкілерінің орналасқан жерін анытайтын барлық керекті ақпараттар бар екенін хабарлады.
Екі жақ Ақтөбе облысы әкімшілігінің және жаңа құрылған Митрополиттік аймақтағы Ақтөбе епархиясының қарым-қатынасына байланысты бірге мәдениеттік-ағартушылық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Сұхпаттың соңында Ақтөбе облысының әкімі және Митрополиттік аймақтың Басшысы естелікті сыйлармен алмасты – кітаптармен және баспа шығармалармен және бір біріне денсаулық және барлық игі бастамаларда сәттілік тіледі.
Кездесу достық ахуалда өтті.