Состоялась встреча митрополита Александра с главным имамом Духовного управления мусульман Казахстана по Павлодарской области
В зале церковных собраний при Никольском соборе Алма-Аты состоялся концерт, посвященный Рождественским праздникам
День памяти святителя Николая Чудотворца. Митрополит Александр совершил Литургию в Представительстве Казахстанского Митрополичьего округа в Москве
Митрополит Александр совершил молебен в домовом храме научно-клинического центра оториноларингологии Министерства здравоохранения Российской Федерации
Митрополит Александр Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысына қатысты

2022 жылдың 13 қазаны. Мәскеу. Даниил ставропигиалды монастырындағы Патриархтық және Синодалдық резиденциясында Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысын бастады.

Отырысқа Қасиетті Синодтың орнықты мүшесі Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Алесандр қатысты.

Отырыстың жұмысы басталар алдында Орыс Православие Шіркеуінің Алдатұрары Синодтың мүшелеріне бастапқы сөзін айтты.

«Бүгін бізде 20 тақырыптан тұратын кең аумақты күн тәртібі бар, олардың әр қайсысына біз тиісті көңіл аударуымыз керек», – деді Қасиетті Патриарх Кирилл.

«Қасиетті Синод тыныш емес заман кезінде отырысын ашқаны жайында атап өту керек, – деп сөзін жалғастырды Шіркеу Алдатұрары. Сондықтан Шіркеудің мақсаты әр қашанда татуластыратын күш болып табылған, өзінің дұғаларымен, өзінің еңбегімен, өзінің қоғамға деген оңды әсерімен, барынша болып жатқан қыйындықты шешуге күшін салып, және болжап білмейтін салдарға әкелелетін қақтығыстарды мүмкіндігінше бәлсеңдетуге әсерін тигізуі керек», – деді.

Шыныменде, біз өте маңызды тарихи кезеңді бастан кешіріп жатырмыз, және адамдарды тыныштандыруға Құдайдан рахым алған татуластыратын күш ретінде, Шіркеу, рухани өмірді беріктендіру үшін, бүгінгі күні Орыс Православие Шіркеуінің каноникалық аумағына кіретін елдер үшін дұғасын күшейту керек», – деді Қасиетті Алдияр.

«Құдай Ие Өзінің мейірілімдігін бізге көрсетуі үшін дұға айтайық, ал біз Шіркеу ретінде, өкінішке орай енді шындыққа айналған қақтығыстардың, біздің халықтарымыздың өмірінің қиыншылығына айналмауына дұға айтып еңбек етуіміз керек. Құдайдың әділеттігі орнығып, біздің жүрегімізде тыныштық орнығуына Құдайдыңдың еркі болсын», – деп Қасиетті Патриарх сөзін аяқтады.