Представитель Астанепархии принял участие в экологической акции «World Cleanup Day»
В праздник Обрезания Господня и день памяти святителя Василия Великого митрополит Александр совершил Литургию в Адриано-Наталиевском храме поселка Отеген батыр
В Никольском соборе Алма-Аты совершена Литургия с участием подопечных епархиальной социальной службы
Состоялось заседание епархиального совета Актюбинской епархии
Алматы және Смоленск православие семинарияларының арасында ынтымақтастық келісіміне қол қойылды

2022 жылдың 12 қазаны. Сергиев Посад, Ресей. Киелі-Троицк Сергиев лаврасындағы қажылық орталығында, Алматы және Смоленск православие семинарияларының арасындағы ынтымақтастық келісіміне қол қойылу өтті.

Құжатқа қолдарын, Алматы рухани семинариясының ректор міндетін уақытша орындаушы – Қазақстанның Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр және Смоленск рухани семинариясының ректоры – Смоленск митрополиясының басшысы, Смоленск және Дорогобужск митрополиті Исидор қойды.

Келісімге қол қою кезінде, Алматы православиелік рухани семираниясының бірінші проректоры протоиерей Евгений Иванов және Смоленск епархиясының Басқарушысының көмекшісі иерей Лев Гарин болды.

Қол қойылған құжат бойынша Қазақстанның және Смоленск рухани білім алу мекемелері бірге, ортақ қызығушылық білдіретін, бірге ғылыми-зерттеу, оқу-методикалық, дәстүрлі-ағартушы және білім бағдарламаларына конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді және сарапшылық жиналыстарын өткізетін болады.

Өткен жұмыс кездесу барысында рухани білім алу мекемелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы жайында сұрақтар талқыланды.